Қоғам

Өңірде велосипед ұрлығы жиілеп кетті

Оңай жолмен бөтеннің мүлкін қолды қылатын бұзақылар, тіпті шаһарымыздың жер-жерінде орналасқан бейнебақылау камераларын да елеп жатқан жоқ. Мысалға, жақында қала тұрғыны шайтанарбасын дүкен жанына қойып, ішке қажет затын алуға кіреді. Осыны аңғарған әккі ұры екі дөңгелекті көлікті сол мезетте мініп кеткен. Алайда, баукеспе көп ұзамай полицейлердің жедел-іздестіру шарлары кезінде құрықталды.

Задержанный:

– Вышел с автобуса смотрю стоит велосипед возле магазина сел и поехал на работу. Все до работы доехал.

Енді 30 жастағы жігіт осы ісі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал велопедтің иесіне тәртіп сақшылары жоғын қайтарып берген.

Олег Артемов – жапа шегуші:

– Полицейлерге алғысым шексіз. Қоңырау шалғаным сол-ақ еді, оқиға орнына жедел-іздестіру тобы келіп, мән-жайды сұрады.

Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға өз мүліктеріне абай болу керек екенін ескертуде.

Зарина Шарипова – Петропавл қалалық ІІБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары:

 

– Егер де велосипедті подьезд жанына қалдырсаңыздар оны міндетті түрде кілтке салып не болмаса бақылау камералары орналасқан жерлерге қойған жөн. Бұл ұрлық жасаған бұзақыны жедел түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы тәртіп сақшылары велосипед ұрлығына қатысты биылдыққа 35 факті тіркелгендігін айтады. Соның жартысынан көбі ашылмаған.

Бақыт Сәдуақасов