Аптадағы маңызды жаңалықтар

9 маусым елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Еске сала кетсек, 5 маусым күні Ақтөбеде орын алған теракттың салдарынан бірнеше әскери және жергілікті тұрғындар қаза тапты. Қазақстанның өзге қалаларында террорлық қауіптің сары, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 қаскөй өлтіріліп, тағы төртеуі жараланды, қалғандарын тиісті органдар іздеп тауып, олар заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатын болады. Қазір халықтың алаңдауына ешбір себеп жоқ, жағдай толық бақылауға алынды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: “Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Олардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда” – деді.

Магжан Ахмадина