Спорт

Петропавлда ММА-дан «Солтүстік үшін шайқас-2» атты ашық турнир өтті

Жарыстың ақтық кезеңі қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. Шаршы алаңға мықтыны анықтауға Астана, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай мен Омбы және Петропавлдың жігіттері шықты. Тартысқа толы жұдырықтасудың нәтижесі бойынша үздік үштікті көкшетаулықтар тұйықтады. Күміс жүлдені елордадан келген қонақтар еншілесе, турнир қожайындары – Петропавл құрамасы бірінші орынға табан тіреді.

 

Риат Шони