Әр түрлі

Орыстың ұлы ақын А.Пушкин 217 жасқа толды

Бұл жолы да поэзия сүйетін жерлестеріміз ұлы тұлғаның рухына тағзым етуді ұмыт қалдырмады.

Николай Авдеев – «Қазақстанның орыс қауымдастығы» ҚБ СҚОФ төрағасы:

– Бүгін біз ұлы ақын, жазушының туған күнін тойлаудамыз. Биыл ол 217 жасқа толып отыр. Сондай-ақ, біз былтырдан бастап халықаралық орыс тілі мерекесін де атап өтудеміз.

Карина Глущенко Пушкиннің шығармашылығымен бала кезден таныс. Дәл қазір ол «Ангел» өлеңін жатқа оқуда. Бұл жақсылық пен жамандық туралы шығарманы ақын «Демон» өлеңінен соң жазған екен.

Карина Глущенко – №43 орта мектептің оқушысы:

 

– Мен ақынның шығармашылығымен бала кезден таныспын. Балабақша қабырғасында туындыларын оқитын едік. Қазір мен артымнан ерген ініме де Пушкиннің өлеңдерін оқып отырамын. Оған ұнайды.

Айта кеткен жөн, бүгінде облыс орталығында бір көше мен білім ұясына орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің есімі берілген.

Айгерим Ержанова