Әр түрлі

Мұсылмандар үшін Қасиетті Рамазан айы басталды

Биыл ол мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша 29 күнге жалғасады. Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Еске сал кетейік, ағымдағы жылы пітір садақасының мөлшері Қазақстанның барлық аймақтары үшін 200 теңге болып бекітілді. Бұл соманы мұсылмандар Рамазан айының басынан айт намазына дейінгі мерзім аралығында беруіне болады.
Сондай-ақ, бұл уақытта Алла үйлерінде бір ай бойы ораза тұтқан жамағатқа ауызашарлар ұйымдастырылмақ. Мәселен, Рамазан айының бірінші күнінде Қызылжар орталық мешітінде 400-ден астам адамға дастархан жайылады деп жоспарланып отыр. Ал Қасиетті ай аяқталысымен, 5 шілде күні Ораза айт мерекесі басталады.

 

Айгерим Ержанова