Әр түрлі

Мамыр айында облыста ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 202 теңгені құрады

Өткен аймен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,1 пайызға төмендеген. Орта есеппен алғанда, азық-түлікке солтүстікқазақстандықтар 11 жарым мың теңге, ал ақылы қызмет түрлеріне 7,5 мың теңгелерін шығындайды екен. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің бесінші бөлігі ет пен балыққа және одан екі есе аз көлемде жеміс-жидектерге жұмсалған. Сонымен қатар, аталған соманың 16%-ын тұрғындар сүт пен май және жұмыртқаға, ал бұдан қалғаны – 2,8% дәмдеуіштер мен шай алуға ұқсатқан.
Жекелей аудандық орталықтарға тоқталсақ, мұнда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 19 599 теңгені құрап отыр. Петропавлда бұл көрсеткіш 1000 теңгеге аз.

Айгерим Ержанова