Құқық қорғау органдары

Өңірде “Қауіпсіз жол” шарасы өтуде

Оның аясында тәртіп сақшылары жас аналарға көліктегі кішкентай жолаушыларға арналған арнайы креслоларды орнатудың маңыздылығын түсіндіруде. Сондай-ақ, екі күн ішінде облыста жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен 95 жаяу жүргінші тоқтатылған. Ал, ереже бұзған жүргізушілер саны одан да көп. 80 солтүстікқазақстандық жылдамдықты шамадан тыс арттырып, 40 адам темір тұлпарды мас күйінде тізгіндеген. Ал, 8 азамат жүргізуші куәлігінсіз жолға шығыпты. Ал енді бірі құжатсыз тауар тасымалдағаны үшін ұсталды. Оның жүк салғышында 300 қорап алкогольдік өнім болған.