Құқық қорғау органдары

Петропавлда жарылғыш зат туралы жалған қоңырау шалынды

Оқиға орнына жедел түрде жеткен арнайы қызмет мамандарының тексеріс жүргізу барысында жарылғаш зат анықталмаған. Ал бұл туралы хабарлаған азаматты табу тәртіп сақшыларына қиынға соқпады. Жалған ақпар беруші психо-неврологиялық диспансердің тіркеуінде тұрған Ресей Федерациясының Свердловск облысының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

Спартак Қабденов – СҚО ІІД қызметкері:

-Аталған факті бойынша оқиға орнына ІІД, ҰҚК, мемлекеттік күзет қызметі мен жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Вокзал ішіндегі 40 адам сыртқа қауіпсіз жерге шығарылды. Тексеру барысында жарылғыш зат анықталған жоқ.

 

Айгерим Ержанова