Мәдениет

С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры 16-шы маусымын жапты

Нұржан Асылхан, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әрітісі:

-Әр спектальдің алдында қобылжмаған әртіс – әртіс емес. Осы уақытқа дейін рөлдерді сомдап жүрмын. бірақ әр қойылымның алдында қобалжу сезімі болды. Тіпті ол кішігірім ертегі болса да.

Қойылым махаббатынан айырылған қыздар мен баласын соғыс жалмаған аналардың қолына қару алып майдан даласына келуімен басталды. Тал шыбықтай еркелеп өскен қыздар әдемі көйлектері мен биік өшелі аяқ киімдерін шинель мен саптама етікке алмастырып, ерлермен бірдей жауға төтеп береді. Трагедиялық туынды соғыс жылдарындағы нәзік жандылардың ауыр тағдырына арналыпты. Майданда ерлермен бірдей соғысқан әйелдер өзге қаруластарын аман алып қалу үшін кез-келгеннің қолы бармас көзсіз ерлік жасайды.

9 ай жүрегінің түбінде сақтаған, шырылдап жылап жатқан бөбегін, күллі отрядты аман алып қалу үшін өлтірген ананы – Гүлназ Гайнулина сомдауда. Театр сахнасында 10 жылға жуық өнер көрсетіп жүрген актриса бұл рөлді сомдау үшін моральдық, психикалық тұрғыда көп дайындық жасапты. Өмірде ана болғандықтан, саханада баласын өлімге қиюдың өзі үлкен жүректілікті талап еткен.

Гүлназ Гайнулина, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының әртісі:

-Соғысқа әйелдер көптеп қатысты. Менің кейіпкеріме келсем, баласын өзгені құтқару үшін баласын өлтіру ешкімнің қолынан келмейді. МЕнің өз балалрым бар. Сондықтан рөлді сомдау қиын болды.

Бүгінде С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды дарама театрында 25 әртіс еңбек етеді. Қойылымды сахналауға олардың барлығы да кірістірілген. Биығы жылы өнер ұжымы көрермендерін 4 бірдей жаңа қойылыммен қуантыпты.

Батырбек Шәмбетов, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының бас режиссері:

-Биылғы сезонда жаңа жас әртістер келді. Жақында Т.Жүркенов атындағы өнер академиясын бітіріп Фархат Молдағалиев деген жас режиссер келеді. Театрымыз гүлденуде. Жақында Астана күніне арнап “Келісім шарт бойынша келіншек” деген қойлыымды ұсынамыз.

Майдандағы қыз-жігіттердің қасіретті өмірі мен сағынышын, бір уақыт көңіл көтеруін, жаумен арпалысын шебер жеткізе білген өнер ұжымы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


 

Акбопе Танирберген