Александр Окованцев – жарыс төрешісі:
-Сайысқа 2003-2004-ші жылдары дүниеге келген ұл-қыздар қатысады. Мұндай жарыс елімізде бірінші рет өткізіліп жатыр. Чемпионаттың алғашқысы Петропавлда ұйымдастырылды. Бұл біз үшін үлкен құрмет. Қатысушылар жекелей және командалық сында марапатталады.
Желаяқтардың арасынан алға суырылып шыққандардың ішінде Екібастұз қаласынан келген Александр Макаров та бар. Ол 60 метрді небәрі 8 секунд ішінде еңсерген.
Александр Макаров – жарысқа қатысушы, Павлодар облысы:
-Жүгірумен айналысып жүргенімен 5 жыл болды. Осы уақыт аралығында 10 медальдің иесі атандым. Бірақ, олардың дені – күміс пен қола. Алдағы уақытта алтынмен де марапатталамын деген ойдамын. Біздің командамыздың жүлделі оралатынына сенемін.
Ал допты қашықтыққа лақтырудан Нұржан Нұрлан алдына жан салмады. Қызылорда облысынан келген мейман 150 грамдық дөңгелекті 45 метр жерге тастаған.
Нұржан Нұрлан – жарысқа қатысушы, Қызылорда облысы:
-Мен үшін Қарағанды командасы қарсылас болып жатыр. Бірінші орын алып, ата-анамды қуантқым келеді. 00:46-50/ Жеңіл атлетикадан олимпиада және әлем чемпионы болғым келеді.
Республикалық жарысқа еліміздің түкіпір-түкпірінен 150-ден астам спортшы жиналды. Оның ішінде біздің өңірден басқа Маңғыстау, Қызылорда, Алматы және Павлодар облыстары бар. Жарыс екі күнге созылады. Ал жеңімпаздар есімі ертең белгілі болмақ.
Айгерим Ержанова