Спорт

Петропавлда “Олимпиада үміті” акциясы өтті

Бақытжан Сәмиева – Қайсар Малғаждаров атындағы қайырымдылық қорының атқарушы директоры.

-Қайсар Малғаждаров ағамыз спортты жақсы көретін. Ортамызда аз уақыт болса да жаттығуларды тастамайтын. Жастармен бірге дайындалып, жүрген күндері де болды. Біз бұл акциямыз арқылы жас ұрпақтың спортқа жақын болғанын қалаймыз. Ортамыздан ел мерейін асырар жеңімпаздар шығып жатса, нұр үстіне, нұр болар еді.

Облыс аумағында осымен екінші рет жалауын желбіреткен шараға өңір аудандарынан келген балалар да қатысуда. Солардың қатарында Уалиханов ауданының “Үміт” командасының мүшесі Темірлан Боранов та бар.

Темірлан Боранов акцияға қатысушы, Уалиханов ауданы.

 

-Біз, Уалиханов ауданынан келдік, Бізге, акцияда мектеп-интернатты аралатты. Маған қатты ұнады. Қазір өзім еркін күреспен айналысып жүрмін, болашақта чемпион болсам деген арманым бар.

Шараға қатысқан 60 жеткіншекке кеден қызметінің полковнигі Қайсар Малғаждаров жайлы естелік кітаптар табысталды. Акция соңы концерттік ән-шашумен жалғасты.