МТРА жаңалықтары

Отбасылық үлгідегі балалар аулының тәрбиеленушілеріне “Азаматтарға арналған үкімет” МК қызметі түсіндірілді

Кездесу барысында “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының мамандары жиналғандарға жәрдемақы мен зейнетақыны ресімдеу тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Қазіргі уақытта отбасылық үлгідегі балалар аулында 6 мен 18 жас аралығында 54 жеткіншек тәрбиеленуде.

Марал Даирова – “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ СҚОФ “ХҚКО” департаменті қалалық №1 бөлімі реттеу залының басшысы:

-Таяуда құрылған мемлекеттік корпорация арқылы азаматтарға 530-дан аса мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Бүгінгі жиында біз 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақылар мен мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік төлемдер тағайындау жайын айттық. Біздің орталық мамандары жыл басынан тұрғындарға әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге қатысты 3 мыңнан артық құжат берді.

 

 

Бакыт Садуакасов