МТРА жаңалықтары

Бейнелеу өнері мұражайында “Шуақты тандем” атты көрме ашылды

Светлана Попова – Анастасия Сафронованың анасы:

-Қызым түсірілімге қатысқанына өте қуанышты. Оған осындай шаралар қатты ұнайды.

Көрмеде жас қылқалам шебері Наталья Хабенконың да атақты суретшілер картиналарының мазмұнымен орындалған жұмыстары бар.

Татьяна Дель – “Солнечный дом” ҚҚ құрылтайшысы:

 

-Бұл жоба арқылы біз балалардың бәрімен бірдей екендігін көрсеткіміз келді. Сондай-ақ, “шуақты балаларды” тәрбиелейтін отбасыларды қолдап, олармен тығыз байланыс жасаймыз. Қазіргі сәтте біздің қор қала бойынша осындай 40-тан астам баланы біріктіріп отыр.

Жалпы бұл шара Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған. Мұнда 50-ден астам фотосурет пен картиналарды тамашалауға болады. “Шуақты тандем” көрмесі маусым айының соңына дейін жалғаспақ.

 

Тоғжан Ақмағамбетова