Қоғам

6-маусымда қасиетті Рамазан айы басталады

Бауыржан Шайхлесов – қала тұрғыны:

-Биыл оразаны өзім бірінші рет ұстайын деп отырм. 1 жылға жуық намаз оқимын. Мұсылман болғандықтан ораза ұстау міндетті.

Биыл мұсылман қауымының қасиетті мейрамы 6 маусымда басталып, 29 күнге созылады. Осы уақыт ішінде ауыз бекітіп, ниет еткен жамағат жаман әдеттерден бойды аулақ ұстауы тиіс. Оразаның биылғыдай маусым мен шілденің дәл осы күндеріне сәйкес келуі тура 36 жылдан кейін қайталанады екен.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

-Биылғы Рамазан айы маусым мен шілде айына қатар келіп тұр. Осы уақытта еліміздің солтүстік өңірінде ораза ұстаған адамдар тәуліктің 18 сағатын ауыз бекітуге арнайды.

Рамазан – сауап пен жақсы істердің айы. Сондықтан, мұсылман бауырлар оразада дастарқан жайып көрші қолаң мен туған-туысты ауызашарға шақырады. Қасиетті Рамазан айында адамдар кедей-кепшікке көмек ретінде пітір садақасын береді.

Кенжетай қажы Дүйсенбай – Облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

-Биылғы пітір садақа бидай құнымен есептеледі. Яғни, ол 200 теңге. Бұл да бір Рамазан айының парызы.

Оразаны жас баладан, еңкейген қарияға дейін ұстай алады. Тек, адамдардың ауыз бекітуге денсаулығы мүмкіндік берсе болғаны. Биыл Рамазан айы 4 шілде күні аяқталады. Кейін, 3 күнге созылатын Ораза Айт мерекесі бастау алады. Ал, қасиетті Қадір түні 1-ші шілдеден 2-сіне қараған түні болады.

 

Култанов Байболат