Құқық қорғау органдары

Петропавлда есірткімен ұсталған Жамбыл облысының тұрғынын сот 4 жылға бас бостандығынан айырды

Тінту барысында күдікті полицейлерге есірткіні сату үшін емес, тек өзінің қажеттілігі үшін сақтағандығын айтып ақталған. Сондай-ақ, полицейлер есірткіге тәуелді азаматтың қалтасынан аңшы пышағын тауып алыпты. Жалпы нашақор тергеушілерге өзі сақтаған есірткіні Петропавлдағы аулалардың бірінде тауып алғандығын айтып, тергеушілерді жаңылыстыруға ниеттенген. Десе де істің ақ-қарасына көз жеткізген сот бүгін кінәліні 4 жылға бас бостандығынан айырды. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының тумасы ұрлық жасағандығы үшін 2 рет жазасын өтеп шыққан.

Михаилл Гусев – Петропавл қалалық сотының судьясы:

-Сот Бахитов Жанаділ Бахитұлын кінәлі деп тауып, оны 4 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарады. Кінәлі жазасын айрықша режімдегі түзету мекемесінде өтесін. Одан мемлекетке 34 мың 649 теңге өндіріліп алынсын.

 

Бакыт Садуакасов