Қанат Мыңжасов – “Солтүстік Қазақстан облыстық мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ” ЖШС директоры:
-Кейінгі жылы шетелден мал келіп жатыр. Ангус, герефорд болсын, сол бүкіл әкелінген малдарды осы жерге бейімдеп жатырмыз. Төлдерін алып жатырмыз, сапасы да жаман емес. Осы жылдары біз қазақтың ақбас малынан граф, шаман, пион үйректің қызылжар атты түрін шығардық. Қазақстанда жоқ, бізде ғана бар.
Сонымен қатар, жуырда орталықтағылар елімізде алғаш болып етті үйректің аталық және аналық ізін жасап шығыпты. Жергілікті құс фабрикасымен бірлесе қолға алынған жұмысқа ғалымдар 15 жылын сарп еткен.
Гүлжан Темірова – “Солтүстік Қазақстан облыстық мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ” ЖШС құс шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі:
-Бұл үйректердің өзге үйректерден бір артықшылығы – ол денедегі майдың аз болуында. Жаңа құс түрі 7 аптаның ішінде 3,5 келі салмақ жинайды. Алдағы уақытта жергілікті құс фабрикасы үйректерді саудаға шығарады.
Бүгінде зерттеу орталығында білім-білігі мен тәжірибесі ұштасқан 70 ғылыми қызметкер жемісті еңбек етіп келеді. Олардың басым бөлігін жоғары санатты ғалымдар құрайды. Институтта қажетті зерттеулерді аз уақыттың ішінде жасап шығу үшін заманауи қондырғылар да сатып алынуда.
Қанат Мыңжасов – “Солтүстік Қазақстан облыстық мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ” ЖШС директоры:
-Соңғы кездері соңғы үлгідегі қондырғыларды сатып алып жатырмыз. Олардың барлығы бізге керек, барлығы автоматтандырылған. Барлық зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бар. 65 жылдан бастап институт Ақмола, СҚО, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарымен жұмыс жасап келеді.
Өлкеміздің ғалымдары аймақтағы ірілі-ұсақты шаруашылықтарға жем-азықтың сапасын арттыруға кеңес беруді де қолға алыпты. Әзірше, мұндағылар облыстың 50 фермерімен қызмет көрсету жөнінде келісімге отырған. Жалпы қазіргі таңда елімізде “мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ” саны 3-еу.
Бакыт Садуакасов