МТРА жаңалықтары

Жергілікті “Шовк” ЖК “Халық маркасы” байқауына қатысады

Шынар Сәрсембекова дәл осындай қалыпта күніне 40-50 келі сүйбүйрек дайындайды екен. Мұндай жылдамдықпен жұмыс жасауды ол «Шовк» фабрикасындағы 6 жыл ішінде үйреніп алған.

Шынар Сәрсембекова – «Шовк» ЖК субүйрек жапсырушысы:

-Күніне субүйректің 1 мыңын дайындаймын. Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақымыз да өте жақсы.

Мұндағы тауар «Вкусняшки» маркасымен шығарылады. Оның дәміне жерлестеріміз өз бағасын беріп те үлгерді. Мәселен, жыл басынан фабрика 15 млн теңгенің өнімін дайындаған. Ал бүгін «Шовк» кәсіпорынының мамандары Астана қаласына «Халық маркасы» байқауына қатысу үшін жол жүрмек. Елордаға олар жартылай мұздатылған тауардың 300 келісін апаруды жоспарлап отыр.

Александр Шовк – «Шовк» ЖК жетекшісі:

-Біздің фабрикада 20 адам жұмыс жасайды. Мұнда автоматтандырылған құрылғымыз бар. Ал жақында кәсіпорынымызға ветеринар маманын қабылдадық. Ол бізге әкелінетін тауарларды тексереді. Оның ішінде жұмыртқа, картоп, ет те бар. Астанадағы сайысқа барып, бір жетістікпен қайтамыз деген сенімдемін.

Іскер Александр Швок мемлекет тарапынан көрсетілген көмекті де пайдаланған. Өткен жылы ғана ол кәсібін кеңейту үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен 10 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Енді болашақта фабрика басшылығы өз тауарын еліміздің өзге де облыстарының нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

 

 

Айгерим Ержанова