Құқық қорғау органдары

Петропавлда СҚО әкімінің кубогы үшін президентік көпсайыстан турнир бастау алды

Жанат Сұлтанов – СҚО ІІД кадр жұмысы басқармасының инспекторы:

-Аталған жарыс ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған. Мұндай сайыстар полицейлердің денсаулығын жақсартуға үлес қосады.

Сайыстың бірінші кезеңінде құқық қорғаушылар “Макаров” тапаншасынан нысанға атып дәлдіктерін сынады. Құралайды көзге атқан мергендерге 8 оқтан берілді. Олардың 3-еуі дайындыққа, ал 5-еуі ұпай жинауға арналған.

Полицейлер тұрған жерден нысанға дейін – 25 метр. Дегенменде құқық қорғау саласында 10-жыл қызмет атқаратын Әсет Жанғазин үшін мұндай қашықтықтан оқ ату түкте емес. Білікті маман сайыста жеңіске жетеріне сенімді.

Әсет Жанғазин – Аққайың аудандық ішкі істер бөлімінің полиция старшинасы:

-Өзім жарысқа Аққайың аудандық ішкі істер бөлімінің атынан қатысудамын. Сайысқа жақсы дайындалдық. 2 жұма жаттығу жасадық.

Петропавла турнир 2 күн бойы өтеді. Сайыстың келесі кезіңінде құқық қорғаушылар жеңіл атлетикадан және бір орында тұрып ұзындыққа секіруден күш сынасады. Жарыс жеңімпаздары доданың басты жүлдесі – облыс әкімінің кубогыне ие болмақ.

 

 

 

Култанов Байболат