Құқық қорғау органдары

Петропавлда автобус жүргізушісі 22 жастағы қызды соғып кетті

Куәгерлердің айтуынша, 20-шы бағытта қатынайтын қоғамдык көлік 4 А автобусын қуып жетпек болған, сол сәтте бағдаршамның жасыл түсіне кетіп бара жатқан қызды соққан. Ресми емес деректерге сай 22 жастағы марқұмның аяғы ауыр болған. Бірақ, бұл ақпарат 10 күн ішінде сот-медициналық сараптама нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады. Ал автобус жүргізушісінің жасы 59-да, бұған дейін жолда жүру ережесін бұзбаған. Рөлге де сау күйінде отырыпты. Енді оның кінәсі дәлелденсе 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Мадияр Харипов – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:

-26 мамыр күні кешкі сағат 18:15-те Мир және Партизан көшелерінің қиылысында қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні соғып кетті. Қазір бұл фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 3-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егерде жүргізушінің кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Риат Шони