Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары:
-51 жыл шінде сіздер біраз жұмыс жасадыңыздар. Еңбектеріңіз жана берсін. Құттықтаймын.
Кейін Анархан Дүйсенова филармонияның 3 қызметкеріне “Жыл әртісі-2016” атағы және облыс әкімінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Марапатталғандардың ішінде Халықаралық байқаулардың лауреаты Бахыт Ильясова да бар. Бала кезден ол нағашы атасына ілесіп, ән айта бастаған. Бүгінде өнер иесі сахнада опера мен классиканы орындағанды ұнатады екен.
Бахыт Ильясов – облыстық филармонияның солист-вокалисті:
-Негізі ән айтқанды бала кезден жақсы көремін. Атамды үлгі тұтып, өнер саласына қадам бастым. Италия еліне барып, тәжірибеден өтіп келдім. Облыстық филармонияда қызмет еткеніме 2 жылдан астам уақыт болды. Біраз концерттерге қатыстым. Өзіме ауыл-аймақты аралаған ұнайды. Олар өнерді ерекше бағалайды.
Зал әдеттегідей көрерменге лық толы болды. Жергілікті әртістердің өнерін жоғары бағалайтындардың қатарында қала тұрғыдары ерлі-зайыптылар Ирина Нитина мен Шовкет Бебутов та бар. Олар мұндай шараларға үнемі бірге келеді екен.
Шовкет Бейбутов:
-Біз жұбайымыз екеуіміз филармонияның ұйымдастырған барлық концертіне келеміз. Өзімізге қатты ұнайды. Әсіресе, “Туған жер” ансамблі керемет.
Ирина Никитина:
-Негізі біздің өңірдің өнерпаздарының барлығы да талантты. Олардың алдында бас иемін. Рахмет. Өнерлері өрге жүзсін.
Қашан да көрерменін ән мен күйдің бесігінде тербететін облыстық филармония ұжымы өздерінің көрермендерімен енді қоңыр күзде жүздесетін болады.
Айгерим Ержанова