МТРА жаңалықтары

Сталинград түбінде солтүстікқазақстандық жауынгердің сүйегі табылды

Ұлы Отан соғысына Петропавл аудандық әскери комиссариатынан шақырылған сарбаздың медальонында аты жөні мен Қазақ КСР-і , Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қошкөл селолық округі, Антоновка ауылында 1922 жылы туылғаны жөнінде ақпар бар. Әскери қызметті 35-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 102 полкінде өткерген Василий Галкиннің сүйегін ресейлік “Память” іздеу тобы тауып Петропавл қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарлаған. Мұндағы мамандар туыстары мен ұрпақтары естіп жатса 46-49-08, 46-25-22 нөміріне хабарласса екен дейді.

Марат Малибаев, Петропавл қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерден тыс дайындық бойынша нұсқаушысы:

 

– Бізде тек Галкин Василий Дмитриевичтің туысы Галкина Екатарина Петровна бұрынғы Бескөл селолық кеңесінінң Чапаев атындағы ауылда тұрған деген мәлімет бар. Жауынгердің сүйегі 2016 жылдың 23 тамызында Сталинград түбінде қаза тапқан кеңес жауынгеріне арналған Рассошанск әскери меморилдық зиратына барлық әскери құрмет рәсімдерімен жерленеді.