МТРА жаңалықтары

Саяжай қауымдастықтарының жағдайын облыс әкімі көрді

«Компания BestStroi Петропавловск» серіктестігінің техникалары қиыршық тас төсеуде. Олар осылай 2 шақырым жолды қалыпқа келтірмек. Бүгін мұндағы жүргізіліп жатқан жөндеу шараларымен облыс әкімі Ерік Сұлтанов танысты.

Саяжай қауымдастықтарына кіреберіс жолдарға да қиыршық тас төселіпті. Солардың бірі – «Тихая роща». Қазір оның құрамына 1200 учаске кіреді. Алайда, соның тек 280-і ғана пайдаланылады екен. Мұнда су және күзет бар, тағы автобус қатынайды. Бір проблема – жарық жоқ.

Жұмысшы кентінде бұдан бөлек тағы «Гудок» және «Эврика» саяжай қауымдастықтары орналасқан. Олардың да қожайындары өңір жетекшісіне өз базыналарын жеткізді. Жолға құм төселіпті. Алайда, жүк машиналары үнемі оның тас-талқанын шығарады екен.

Саяжайшылар тағы автобус бағыттарын көбейту жөнінде ұсыныс айтты. Қауымдастыққа 6 мың адам келеді. Сондықтан, мұнда жету үшін олар ертемен тұрып, қоғамдық көлікке кезекке тұратын көрінеді. Бағбандардың толғандыратын тағы бір мәселе – судың жағдайы.

Водопроводчик» және «Кировец-2» саяжай қауымдастықтарына барар жолға да қиыршық тас төселеді.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі:

 

– Өткен жылы жолға қиыршық тас төселді. Әйтпесе, жол мүлде болмаған. Тағы биыл мұнда келушілер үшін №40 қоғамдық көліктің бағытын ұзартпақпыз.

Барлық жұмыстарды келесі жұманың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Магжан Ахмадина