Билік

Облыстық әкімдіктің отырысы өтті

Есжан Оразалин- «Солтүстік» ӘКК басқарма төрағасы.

-Ағымдағы жылы дебиторлық қарыз 54 млн теңгеге қысқарды. Негізгі қаржы көлемі мен активтер 35,2 млн теңгеге артты. Тұрақтандыру қоры да толық қамтылған. 83 млн теңгеге 1004 тонна көлемінде көкөніс пен жармалар алынды. Бүгіндері бізде 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Өткен Қызылжар инвест 2014 форумында біз құны 13,6 млрд теңге болатын 10 меморандум жасастық. Ол тек кен орындарын зерттеп, тау- кен өнеркәсібі кешендерін дамытуға қатысты.

Корпорация өкілдері жоспарларымен де бөлісіп өтті. Келешекте теріскейде ауылшаруашылығы техникасын жөндеп, қызмет көрсететін база құрылмық. Баяндамадан кейін аймақ басшысы жұмыстарды әрі қарай да жалғастыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар Есжан Оразалиннің жұмысына оң бағасын берді. Жаңа басшы келіп корпорация жұмысына қан жүгіргендігін атап өтті.

Кейін екінші сауал бойынша облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Еркебұлан Кәменов есеп берді. Бүгіндері Айыртау ауданындағы «Солнечный ВИП» демалыс аймағында бұғы емханасын ашу жоспарланып отыр. Ол күніне 45 адамды қабылдауға қауқарлы болмақ. Бұл ретте өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов емдеу мекемесіндегі жұмыстарды сағызша созбай, нысанды мамар айында ашу қажеттігін айтты. Жалпы қазір бұл салада ауыз толтырып айтарлық істер тындырылып жатыр.

Еркебұлан Кәменов- СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.

-2014 жылғы қаңтар- қыркүйектегі статистикалық деректерге сәйкес келушілерді орналастыру нысандарының саны 15,1 пайызға өсті. 2013 жылдың өткен мерзімімен салыстырғанда 53-тен 61 бірлікке дейін жеткен. Қонақүйлердің саны 19,4 пайызға артты. Келушілерді орналастыру орындарының саны ұлғайғандықтан бұл сала алға жылжыды.

Бұдан соң аймақ басшысы өңірдегі туризм нысандарына автомобиль жолдарын салып, инфрақұрылымын дамыту қажет деді. Теріскейде демалыс орындарын ашуға жақсы мүмкіндік бар. Табиғаты көркем өлкемізде бұл саланы жақсылап жолға қою қажет. Сондай-ақ жиында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есептерінің қортындысы тыңдалды.

Солтүстікқазақстандықтардан 1900-ден астам арыз түсіпті. Солардың 1079-ы шешімін тапса, 830-ы бақылауға алынған екен. Бұдан соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов жиылғандарды Жаңа жылмен құттықтады.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Құрметті әріптестер, сіздерді жаңа жылмен құттықтаймын. Табыс, денсаулық тілмеймін. Алда есептік кездесулер тұр. Соларды жақсы өткеру керек. Көктемгі егіс науқанына да сапалы дайындықпен келуіміз қажет.

 

 

 

Магжан Ахмадина.