МТРА жаңалықтары

Петропавлдың тұрмыстық қалдықтар полигонында 4 тоннаға жуық контрафактілік тауар жойылды

Қазақстан, Медальон, Мирал. Мына жерде коньяктың 8 түрлі аталымы жермен жексен болуда. Бұл алкоголь өнімдерінің сыртында шығарылған күні таңбасы мен заңды құжаттары мүлде жоқ. Сол себепті ішімдікті нарықта саудалағаны үшін кәсіпкерге 50 АЕК айыппұл салынды. Бұл шамамен 100 мың теңгеден аса қаражат.

Инесса Кузнецова – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жетекшісінің міндетін атқарушы:


–  Заңсыз мүліктерді облыстық әділет департаменті мамандары тәркіледі. Кейін іс сотта қаралды. Бүгін міне контрафактілік тауарлар жойылуда. Бұл жыл басынан бері әзірше өңірде тіркелген ең ірі көлемдегі заңсыз өнімдер болып табылады.

Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтар полигонында 500 DVD-дисктері жойылды. Бұл заттарды саудалаған адамдарда авторлық құқықтары болмаған. Жалпы, бүгін 4 тоннаға жуық контрафактілік тауар ауыр техникамен тапталды.

Биылғы жылы Петропавлда осымен 2-ші рет заңсыз саудаланған тауарлар жойылды. Бірінші наурыз айында 52 мың қорап темекіні ауыр техника жаншыған болатын.

 

Култанов Байболат