МТРА жаңалықтары

Петропавлда тұңғыш рет жас құтқарушылардың слеті өтті

Ұйымдастырушылардың діттегені – жас мамандардың төтенше жағдайлар туа қалғанда кәсібилігін танытып, жылдам әрекет жасауға бейімдеу. Шара барысында өрт сөндіру саласының білікті мамандары жас құтқарушалармен тәжірибе бөлісіп, білген-түйгендерін түсіндірді. Тілсіз жауды ауыздықтау, төтенше жағдайларға дер кезінде төтеп беру жайында кеңестер берілді. Жиынға облыстың әр түкпірі мен Петропавлдан келген 60-қа жуық жас маман қатысты. Солардың бірі – Абылайхан Жақсылық. Ол 1 айдан бері шапшаңдық пен икемділікті талап ететін саланың қыр-сырын меңгеруде.

Абылайхан Жақсылық – Қызылжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушысы

– Осы қызметте жұмыс істеп жатқаныма 1 айдан артық уақыт өтті. Қазіргі уақытта біз өз міндеттерімізді жаттаудамыз. Мысалы, автокөлік қызметкерлері немесе құтқарушылар өз міндеттер білуге тиісті.Өйткені, біз ең алдымен халыққа көмектесеміз.

Тоғжан Ақмағамбетова