МТРА жаңалықтары

Өңірде электромонтерлер жарысы өтуде

Сайысқа 12 ауданның өкілдері қатысып, 3 күн бойы араларындағы үздіктерді анықтауда. Өз ісінің шеберлері мен жеңімпаздар жұма күні белгілі болмақ.
Жарыс 7 кезеңнен құралған. Дәл қазір Жамбыл аудандық өндірістік базасының бригадасы 2-ші турды бағындыруда. Сайыста қойылған негізгі міндет – істен шыққан изоляторды ауыстыру. Жарамсыз болып қалған құрылғыны жөндеу үшін монтер темір-бетон бағанаға шығуы тиіс.
Ал мынау – жарыстың ең қызықты сәті. Бұл кезеңде 10 мың вольттық кернеуге түскен жанды құтқару қажет. Бірінші кезекте, зардап шеккенді бағанадан түсіріп, жапа шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгеру керек. Оған «Илюша» атты қуыршақ пайдаланылды. Адамды құтқарып қалуға 4 минут уақыт беріледі. Сайысты бағалауда төрешілер жылдамдық пен жұмыстың сапасына мән береді.

Виталий Феско, «СК РЭК» АҚ бас инженері:


– Бұл сайыс мамандардың кәсібилігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылады. Барлығы 145 маманның арасынан үздік шебер және үздік монтер анықталады. Кейін олар республикада өңір намысын қорғамақ. Үшінші күні жеңімпаздарды марапаттаймыз. Монтерға керекті құрал-саймандар сыйлыққа берілмек.

Акбопе Танирберген