МТРА жаңалықтары

СҚО тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған қос байқау қорытындыланды

Қатысушы тілшілер өз еңбектерін алдын-ала ұйымдастырушыларға электронды түрде жолдаған. Әділ қазылар сайланып, лайықты жұмысты таңдаған. Қорытындысында, «Үздік телерепортаж» номинациясын МТРА тілшісі Кристина Горбаченко жеңіп алды. Ал, бірнеше мақаланы бірден жолдаған аудандық «Тайынша таңы» газетінің директоры Гүл Нұралина “Тіл жанашыры” аталымында топ жарды.
Студенттер мен оқушылар арасында ұйымдастырылған шығармалар байқауының жеңімпаздары да осы жерде марапатталды. 40-тан астам ұл-қыз «Шырайлы аты елімнің – қасиетінде жерімнің» деген тақырыпқа қалам тербеген. Оқушылар арасында Ғ.Мүсірепов ауданындағы Айқын Нұрмақов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жанерке Жеңісова 1-ші орынды иемденді. Ал, студенттердің ішінен Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауылшаруашылық колледжінің 1-ші курс студенті Әсет Шыңғысов топ жарды. Қатысушылардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ернияз Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы:


– Сайыс ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Дәстүрлі байқаудың мақсаты мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру.

 

Акбопе Танирберген