Көктемгі дала жұмыстарына ерте қамданған серіктестікте бүгіндері шаруа қызып-ақ тұр. Кәсіпорындағылар қауырт маусымды уақытылы, яғни айдың соңына дейін аяқтаймыз деп отыр. Диқандар шаруашылықтағы 7200 гектар егістік жерлердің биыл 6 мыңына дән себуде. Қалғаны парға қалтырылыпты.
Жомарт Омаров – «Астраханское» ЖШС директоры, Аққайың ауданы:
– Соның 2 мыңына зығыр ектік. Майлы дақылдардан 1400 га рапс ектік. Енді қысқы малға жем-азық пен арпа және сұлы егеміз. Ау райы жақсы. Көктемде су көп болғыныме қазір қарқынды жұмыс істеп жатырмыз.
Кәсіпорында 60 адам еңбек етеді. Олардың орташа еңбекақылары – 80 мың теңге. Аққайыңдық жер емген диқандардың жұмысын көрген облыс әкімі Ерік Сұлтанов шаруаларға егін егумен қатар мал шаруашылығын да дамыту қажеттігін ескертті.
Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:
– Бұл бағытта жақсы жұмыс жасау керекпіз. Мал өсіру үшін жайылымдық жерлер жетерлік. Оның үстіне бұл адамдарды жыл бойына еңбекпен қамтуға септеседі. Ал егін егуге келер болсақ, аудан шаруашылықтары жақсы қарқынмен келе жатыр екен. Ауа райы да оң қабақ танытып тұр. Науқан өткен жылмен салыстырғанда 4-5 есе қарқынды жүргізілуде.
«Астраханское» серіктестігінде 200 бас ірі қара мал бар. Ал «Дайындық агро» шаруашылығында Зеңгі баба төлінің саны бұдан үш есе көп. Мұндағы 3 мың гектар алқап жайылымдық жерлерге бөлінген. Тағы 12 мың гектар алқапқа егін егіледі. Диқандар дән сіңіру жұмыстарына 15 мамырда кіріскен.
Азамат Сағындықов – «Дайындық агро» ЖШС бас агрономы:
– Бүгінгі уақытта 2 мың майлы дақылдар егіліп бітті. Қазір бидай егіп жатырмыз. Оның 50 пайызын егіп бітірдік.
Аққайыңдық шаруалармен тілдескен облыс әкімі Ерік Сұлтанов жер реформасындағы өзгерістерді де назардан тыс қалдырмады.
Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов агроқұрылым басшыларына ауыл еңбеккерлерінің жалақысын көтеру керектігін де айтты.
Магжан Ахмадина