Спорт

25 мамырда “Қызыл-Жар СҚ” ФК өз алаңында елордалық “Астана” құрамасын қабылдайды

Қазақстан кубогының (1-де 4-ші) 14 финалы аясында жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” ФК былтырғы жылғы премьер-лига чемпионы – елордалық “Астана” құрамасын қабылдайды. Айта кеткен жөн, солтүстікқазақстандық ұжым бұған дейін тағы бір тегеурінді қарсыласын тізе бүктірген еді. Жерлестеріміз жарыстың (1-де 8-ші) 18 финалында сырт алаңда қостанайлық “Тобылдан” басым түсті. Бұл кездесуде теріскейліктер қарсыласты ойын соңындағы пенальти сериясында 4-2 есебімен қапы қалдырған болатын. Футболсүйер қауымды көптен күттірген матч сәрсенбіде “Қарасай” стадионында кешкі сағат 18-00-де басталады.

Култанов Байболат