Спорт

Теріскейлік армрестлингшілер Ашық Азия біріншілігінен олжалы оралды

Бұл жаттығулар қолдың білек күшін қатайтып, споршының техникалық шеберлігін арттырады. Жасөспірім қыздың қол күресімен айналысқанына 5 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында ол бірнеше рет халықаралық жарыстарда жүлдегер атаныпты. Ал, соңғы Ашық Азия біріншілігінде жерлесіміз 60 келі салмақта алтыннан алқа тағынды.

Алена Архипенко – жасөспірімдер арасында армрестлингтен Азия чемпионы:

 

– Азияның ашық чемпионаты өмірімдегі алғашқы ірі жарыс емес. Дегенменде сайысқа түскенде бойымнан аздап қобалжу байқалды. Менің тобымда 10 қыз болды. Олардың барлығын оңай жеңдім.

Армрестлингтен Ашық Азия чемпионатына әлемнің 17 елінен, 700-ге жуық спортшы қатысыпты. Біліктілердің қатарында теріскейлік 6 жасөспірім бар. Олар байрақты бәсекеде жоғары деңгейде өнер көрсетіп барлығы 3 алтын, 4 күміс медальды еншілепті.

Олег Чегодаев – армрестлингтен СҚО құрамасының бас жаттықтырушысы

– Жарыс өте тартысты өтті. Біздің спортшылар сары құрлықтың үздіктері болып табылады. Осы дүбірлі додада Алексей Баталов есімді шәкіртім алтын алқа тағынып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Оның жеңісі үшін қуаныштымын.

Енді, жерлестеріміз маусым айының соңында ел біріншілігіне қатыспақ. Жарыста жеңімпаз атанғандар күзде Болгария астанасы София қаласында өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

 

Култанов Байболат