МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтардың 2015 жылы жұмсаған қаражаты

 

Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға көп. Яғни, қаражаттың шамамен 43 пайызы – азық-түлікке, 33,5 пайызы – тағамдық емес тауарларға және 24 пайызға жуығы ақылы қызметтерге кеткен екен. Тамақтануға жұмсалатын сома 141 мың теңгеге жетіп, 13,5 пайызға артқан.
Сондай-ақ, ақшаның 25 пайызы ет пен ет өнімдеріне, 19 және 6 пайызы – нан мен жарма түрлеріне, 10 мен 8-і – сүт өнімдеріне және 9,2 пайызы тәтті-дәмділерге жұмсалған. Тағамдық емес тауарға келетін болсақ, жерлестеріміз көбіне киім, мата мен аяқ-киімді көп алған көрінеді. Тұрғындар бұның барлығына табыстың 30 пайызын шығындапты. Кірістің 14 пайызын теріскейліктер жиһаз бен тұрмыстық техника алу үшін кетірген. Шамамен осыншама соманы газ, көлік және жанар-жағармайға және 10 пайыз ақша жеке гигиена мен 6,5-ы медициналық жабдықтарды алуға кеткен. Коммуналдық төлемдер, баспананы жөндеу, байланыс, көлік, білім және денсаулық сақтау саласы көрсеткен қызметтерге орташа есеппен бір солтүстікқазақстандық 90 мың теңге жұмсаған екен. 2014-ші жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 11, 2 пайызға өскен.

 

Риат Шони