МТРА жаңалықтары

Өңірде 2015 жылы жарақат алғандар саны азайған

 

Былтыр өңірде жұмыс барысында жарақаттанғандар саны 2014 жылмен салыстырғанда 25,9 пайызға төмендеген. Орын алған 80 жазатайым жағдайдың 5-уі қайғылы оқиғамен аяқталыпты. Жапа шеккендердің 17,5 пайызын нәзікжандылар құрап отыр. Айту керек, аталмыш оқиғалардың дені жұмыскерлердің епсіздігі мен абайсыздығының салдарынан болатын көрінеді. Өткен жылдың қорытындысында: 26 адам жабық сынық, 20-сы – жеңіл желпі жарақат, 7-уі күйік алған. Келтірген материалдық шығындары 16,1 млн теңге. Оның 12,4 миллионы, яғни жалпы сомманың 80 пайызы еңбекке жарамсыз болып қалғандарға берілген.

 

Акбопе Танирберген