Қайырымдылық

Тәртіп сақшылары сирек кездесетін ауруға шалдыққан нәрестеге қол ұшын созды

Өңірдің тәртіп сақшылары дертке шалдыққан балаға көмек көрсету үшін ақшалай қаражат жинап берді. 8 айлық Әдия Бұрлықпаева остеогенез – сирек кездесетін сүйек сынғыштық ауруына шалдыққан. Бүлдіршіннің осы күнге дейін сүйектері 9 рет сынған. Бұндай диагнозбен ұйықтап жатқан кезде де аяқ-қол омырылып кетуі мүмкін. Өкінішке қарай, Қазақстанда мұндай сырқат емделмейді. Сол себепті, нәрестенің ата-анасы мәскеулік дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ал Ресей астанасына бір барып-келудің өзіне миллион теңгеге жуық қаржы қажет. Бір жылда кем дегенде 5-6 курс ем қабылдау керек. Бұрлықпаевтар отбасысында мұндай қаражат жоқ. Отағасы – әскери қызметкер, ал анасы бала күтімі бойынша демалыста. Кішкентай Әдияның атасы ішкі істер органдарында жиырма жылдан астам уақыт еңбек еткен. Қазір құрметті зейнет демалысында. Бүлдіршіннің атасы Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығы Берік Біләловтің жеке қабылдауына жазылып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары қол ұшын созып 400 мың теңгеден астам қаражат жинап берген.
Ал кішкентай Әдияға көмектесем деген жанашырлар болса 8-778-760-89-41 телефон нөміріне хабарласуына немесе ақшаны бірден экранда көрсетілген банк есеп-шотының реквизиттері бойынша есеп-шотқа аудара алады.

Банк Центр Кредит

есеп айырысу шоты: KZ 848560000009878707

Гүлнәр Амангелдіқызы Бұрлықпаеваның атына, 11.11.1981 т.ж.

ЖСН 811101450330 жеке куәлік: ҚР ІІМ 06.04. 2012 ж. № 033176292.

 

Риат Шони