Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

СҚО экономикасы даму үстінде

Жыл басынан негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 22 миллиард теңгеден астам қаржыны құрады. ОНың басым бөлігі – кәсіпкерлердің жеке қаражатының есебінен. Солтүстікқазақстандықтар әсіресе ауылшаруашылығы саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Жалпы өнімнің 4 айдағы мөлшері – 28,2 миллиард теңгені құрады. 5 мың тонна сүт сауылып, 160 миллион дана жұмыртқа және сойылған мал мен құстан 24 мың тонна ет алынған. Ал, облыстың өнеркәсіп ошақтарында 52 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Құрылыс саласы да қарқынды даму үстінде. Жалпы аумағы 18 мың шаршы метр жерді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 117 пайызға жоғары.

 

Акбопе Танирберген