Спорт

Петропавлда жекпе-жектен ел біріншілігі өтуде

Жарыстың салтанатты ашылуынан кейін көпшіліктің назары ортаға ауды. Мұнда 56 келі салмақ дәрежесінде Алматы облысының өкілі Дархан Бауыржановпен қостанайлық Линар Кудасов күш сынасты. Шаршы алаңның шаңын қаққан споршылар 2 кезең бойы тартысқа толы жек-жекпе ұйымдастырды. Кездесу соңында төрешілер шешімімен Дархан Бауыржанов қарсыласынан ұпай сандары бойынша басым түсті.

Дархан Бауыржанов – жарысқа қатысушы, Алматы облысы:

– Қарсыласым өте мықты болды. Өте көп күш жұмсадым.

Жалпы, дүбірлі додаға еліміздің 13 өңірінін келген 200-ден аса спортшы қатысуда. Олар сайыста 22 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Ел біріншілігінде топ жарған өрендер ұлттық құрама сапына алынбақ.

Дамир Манарұлы – жекпе-жектен мемлекеттік жаттықтырушы:


–  Жарыста жеңімпаз атанғандар Талдықорған қаласында өтетін Азия кубогында ел намысын қорғайды. Осы сайыста біз үздіктерді іріктеп аламыз.

Петропавлда жасөспірімдер мен жастар арасындағы жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты 2 күнге созылады.

Култанов Байболат