Құқық қорғау органдары

Облыста «Заңсыз келуші» жедел алдын алу шарасы жалғасуда

Тәртіп сақшылары төрт күн ішінде көші қон заңнамасының сақталмауына қатысты 800 фактісін анықтаған. Қызылжар ауданындағы құрылыс алаңдарының бірінде Тәжікстан мемлекетінің сегіз бірдей азаматы заңсыз жұмыс істеген. Шетелден келген қонақтар тек уақытылы тіркеуде тұрған. Аудандық соттың үкімімен құқықбұзушылар бір тәулікке әкімшілк қамауға алынды. Жалпы төрт күн ішінде облыс аумағында заңсыз еңбек еткен 78 шетелдік пен 23 жұмыс беруші анықталып отыр.

Медет Сағди – Қызылжар аудандық ішкі істер бөлімінің аға мнспекторы:

 

–  Тәжікстан мемлекетінің сегіз бірдей азаматы заңсыз жұмыс істеген. Сол себепті жауапкершілікке тартылды.

Риат Шони