МТРА жаңалықтары

Петропавлда қоғамдық кеңес отырысы өтті

Есенгелді Қарбаев, СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:

-2015 жылдың қарашасында жер кодексіне өзгертулер енгізілген болатын. Онда жерді аукцион арқылы жаппай сату жайы көрсетілді. Аукцион өткізудің өзіндік жолдары бар. 1 га жердің құны – 55 мың 600 тг. Оны кәсіпкер 50 пайыздық жеңілдікпен сатып алады. Мұндай мүмкіндік тек қазақстандықтарда ғана бар. Ал шетелдіктерге сатылмайды.

Қазір республикада «Жер туралы комиссия» құрылып осы тақырыпты талқылып, халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Оның құрамына Солтүстік Қазақстаннан «Тайынша Астық» ЖШС директоры енген. Қазір өңір аграрйилері көкейлеріндегі сұрақтарын әзірлеу үстінде. Оны аталған серіктестік басшысы Анатолий Рафальский Елордада өтетін кезекті комиссия отырысында көпшілікпен бірге қарастырады.

Айдарбек Сапаров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

-Жер шетелдіктерге сатылмайды. Тек 25 жылға жалға беріледі. Жерді ертеректе 49 жылға жалға алғандар сол мерзім аяқталғанша жерін алаңсыз пайдалана береді. Уақыт аяқталғанда келісім шартқа отырып сатып алады. Тағы айта кетейін, егер 100 га жер аукционға қойылып, оны қазақстандық азамат ұтып алса 49 жылға, ал шетелдік ұтса 25 жылға жалға беріледі.

Келесі кезекте тұрған мәселе – өткен жылғы облыс бюджетінің орындалуы жайындағы есептің бекітілуі. Былтыр бөлінген 117 млрд 100 млн теңгенің барлығы өз жолымен жұмсалды дейді СҚО қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов.

Ескен Әкімжанов, СҚО қаржы басқармасының басшысы:

 

-Өткен жылы облыстық бюджет шығындарды қоса санағанда 99, 7 пайызға орындалды. Мәдениет, спорт, денсаулық сақтау әлеуметтік қамту сынды салаға 34 млрд 4 млн теңге бөлінді. Яғни бөлінген қаржының дені әлеуметтік салаға бағытталды.

Жалпы қоамдық кеңесте ауыл шаруашылығы, білім, туризм сынды салаларға қатысты 19 сұрақ қаралды.

Акбопе Танирберген