МТРА жаңалықтары

Өңірде республикалық “Отан ағаш” акциясы бастау алды

Іске білек сыбана кіріскен жастар қызу жұмысты бастап кетті. Бүгін олар мына Ауған соғысында құрбан болған теріскейлік жауынгерлерге арналған ескерткіш маңына 40 алма көшетін отырғызбақ. Ал, қалған ағаштарды белсенді ұл-қыздар өңіріміздің 12 орман шаруашылығы аумағына егеді.

Асқар Баймұқанов – “Жасыл ел” облыстық штабының жетекшісі:

-Бүгінгі акция ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Мұндай іс-шараның біздің өңіріміз үшін маңызы зор. Өйткені, ағаш отырғызып біз қаламыздың көркін келтіреміз. Бүгінгі еккен алма көшеттері бірнеше жылдан кейін гүлдейді. Кейін жеміс береді. Ағаштарды үнемі бақылауда ұстап, оларға су құйып отырамыз.

Бұл жұмысқа қаламыздың еңбекқор жастары тартылған. Солардың қатарында “Жас Отан” жастар қанатының белсендісі – Махаббат Сәкенова да бар. Бойжеткен таңсәріден алаңға келіп, бірнеше алма көшетін отырғызыпты.

Махаббат Сәкенова – “Жас Отан” жастар қанатының белсендісі:

 

-Бүгінгі іс-шараға кез-келген ерікті қатыса алады. Өзім саябаққа 4 алма көшетін отырғыздым.

Айта кеткен жөн, биыл Жасыл ел қатарында өңіріміздің 450 жауынгері еңбек етпек. Жастардың атқаратын жұмыстары үшін республикалық және жергілікті қазынадан 18 миллион теңге бөлініпті. Олардың әр сайынғы табыстары шамамен 44 мың теңгенің маңайында болады.

Култанов Байболат