Білім

Солтүстікқазақстандық балғындар республикалық сайыстан жүлделі оралды

Галина Бондаренко – “Асыл бала” қауымдастығы СҚОФ жетекшісі:

-Мұндай сайыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Білім жарысының балаларға берері мол. Біздің ұл-қыздарымыз артқан сенімді толықтай ақтап, “Зияткер” аталымын жеңіп алды.

Республикалық сайыста өңір намысын 10 теріскейлік жеткіншек қорғаған. Олар жарыста мектеп бағдарламасына енгізілген қазақ және орыс тіліндегі түрлі сұрақтардың жауабын жылдам тауыпты. Әр тапсырманы орындауға 3 минут берілген екен. Солтүстікқазақстандық балғындар ұжым болып өнер көрсетіп, барлық жүктелген міндетті ойдағыдай орындаған.

Дарина Ғабдуллина – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 4-сынып оқушысы:

-Біз жарыста барлық станцияларға барып, жауап парақшасына жауаптарды жаздық. Маған мұның бәрі қатты ұнады. Тапсырмаларды орындау қиынға соқсада, маған қызықты болды. Мектептен алған білімді қолданып жұмыстарды істедік.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен 300-ден аса жас жеткіншек қатысқан.

 

 

 

Култанов Байболат