Құқық қорғау органдары

Дүкен тонаған қылмыскер қолға түсті

Сатушы:

-Мен оған ақшаны бірден бердім. Кейін ол маған сөре артына бар да, 10-ға дейін сана деді. Содан соң кетіп қалды.

Қылмыстың беті ізі суымай ашылды. Тәртіп сақшылары 26 жастағы Петропавл қаласының тұрғынын құрықтады. Ол бұрын сотталмаған. Күдікті өз кінәсін бірден мойындап, ұрланған ақшаны сол күні құмар ойындарына жұмсағандығын айтты.

Күдікті:

-Дүкенге кірдім де, ақшаны алып шығып кеттім.

Тәртіп сақшыларының айтуынша қарақшылық шабуыл жасалған дүкенде бейнебақылау камералары орнатылған. Сондықтан да қарақшыны іздеп табу қиындық туғызған жоқ.

Ернар Қожабек – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімінің тергеушісі:

-Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер де айыптының кінәсі дәлелденсе онда ол 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жыл басынан облыс орталығында 7 қарақшылық шабуыл тіркелген, олардың 6-ы екі тәулік ішінде ашылған.

 

 

 

Риат Шони