МТРА жаңалықтары

“Азаматтарға арналған Үкімет” МК тұрғындарға “Бір терезе” қағидаты бойынша 530 қызмет түрін көрсетеді

Мысалы, халыққа қызмет көрсету орталығындағы кейбір қызмет түрлерін зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан алуға болады. Немесе керісінше.

Әсет Қайыржанов – “Азаматтарға арналған Үкімет” МК КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы “ХҚКО” департаменті директорының орынбасары:

-Сәуірдің 11-і елімізде “Азаматтарға арналған Үкімет” мемлекеттік корпорациясы құрылды. Бұл жаңа құрылымға қазір жұмыс істеп тұрған «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақылар төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жылжымайтын мүлік орталығы» және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» біріктірілді.

Бүгінде мемлекеттік корпорацияда тұрғындарға 530 қызмет түрі көрсетіледі. Оның 300-ден астамын адамдар үйден шықпай-ақ электрондық әдіспен ала алады. Ол үшін бар
электрондық цифрлық қолтаңба алып, интернетке қосылу қажет.

Әсет Қайыржанов – “Азаматтарға арналған Үкімет” МК КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы “ХҚКО” департаменті директорының орынбасары:

-Қызмет көрсету сапасын ұдайы қадағалауға аламыз. Бүгінде 3 600 маман қайта оқыту курстарынан өтті. Олар тұрғындарға кез-келген қызмет түрін ұсынып, құжаттарды өңдей алады. Тұрғындарға сенбі күні де қызмет көрсетіледі.

Қазіргі таңда жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығында 20-ға жуық мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады. Соның 9-ы ХҚКО-да да көрсетілетін болыпты. Бұл дегеніңіз, енді жер учаскесіне иелік етуге рұқсат қағаздар алу үшін маманданған орталыққа барып жатудың қажеті жоқ.

Марат Қасенов – “Азаматтарға арналған Үкімет” МК КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы “Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы” департаментінің директоры:

 

-Егер сіз жер учаскесін ұзақ мерзімге, уақытша иелену үшін немесе жердің кадастрлық нөмірі мен құнын ХҚКО-нан біле аласыз. Және жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығында ресімделетін құжаттардың бірқатарын ХҚКО-да ресімдей аласыз. Мұның барлығы азаматтардың уақытын үнемдеу үшін жасалып отыр.

Сіздер мемлекеттік органдарда көрсетілетін қызметтерді де корпорациядан ала аласыз. Келешекте ұқсас құжаттар қысқартылады. Және алдағы уақытта “бір терезе” қағидаты бойынша тұрғындарға 730-дан астам қызмет түрі ұсынылатын болады.

Берік Қасен