Білім

Биыл ҰБТ-ді солтүстікқазақстандық 2500-ден астам оқушы тапсырады

Шолпан Каринова – СҚО білім басқармасының басшысы:

-Ұлттық Бірыңғай тестілеуге қазір қызу дайындық жүргізілуде. Оқушылар бірнеше рет байқау сынағынан өткізіліп жатыр. Әзірге, орташа ұпай 84-ті құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 ұпайға жоғарылады. Қазір алдыңғы қатарда Уәлиханов ауданының оқушылары келе жатыр. Ал тайыншалықтар керісінше төмен көрсеткішке ие. Биыл 845 бала биологияны, ал 538-і физиканы таңдаған.

Сынақ тапсыру маусымның 1-і мен 15-і аралығында өтеді. Нақты күні келесі аптада белгілі болмақ. Ал, әзірге білім саласының мамандары маңызды науқанға қызу дайындық жүргізуде. Айту керек, биыл өңірде ҰБТ-ді ұйымдастыру үшін 5 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қала мен аудан әкімдеріне сынақ тапсырушыларға бар жағдайды жасап, қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Анархан Дүйсенова – СҚО әкімінің орынбасары:

-Барлығын қадағалау қажет.

Айту керек, биыл өңірімізде Алтын белгіге – 125 оқушы, ал үздік аттестатқа 57 түлек үміткер.

 

 

 

Айгерим Ержанова