Аптадағы маңызды жаңалықтар

«К-704» тракторлары Петропавлда құрастырмақ

Кәсіпорынның бас директоры Сергей Шинкаренконың айтуынша, алғашқы кезеңде көлікті жасауға қажетті бөлшектердің 35 пайызы осы жерде құрастырылса, келешекте бұл көрсеткіш арта түспек.

Биыл мұнда – 50, кейін тапсырыстар көлемі артып, кәсіпорын толық қуатына көшкенде тағы 70 азамат жқмыспен қамтылады. Жалпы зауыт жылына 120 трактор шығаруға қауқарлы.

Сергей Шинкаренко – «СП Петропавл трактор зауыты» ЖШС бас директоры:

-Қазірдің өзінде біз 300 млн теңге сомасында инвестиция құйдық. Тағы 1 млрд 20 млн теңге жұмсауды жоспарлап отырмыз. Соның 30-40 пайызы өз қаражатымыз болса, қалғаны қарызға алынбақ. Өңір басшылығы жақсы қолдау көрсетуде. Бүгіндері барлық коммуникациялық желілер өткізіліп, жарық және жылу тартылды. Қуат жеткілікті.

Шетелдік техниканың құны шарықтап тұрғанда мұнда жасалған тракторлардың бағасы 30 млн теңге болмақ. Яғни, ол өзге елден әкелінетін көліктерден 3 есе арзан. Осы ретте аймақ басшысы субсидиялау мен клиенттерді тартуда қолдау көрсететіндігін білдірді.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

-Қазір біздер шетелден импортталатын көліктерден гөрі өзімізде жасалған техникаларды сатып алуға деген субсидия көлемін арттыру қажеттігі жөнінде ауыл шаруашылығы министрімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл – маңызды мәселе, сондықтан оң шешімін табады деп ойлаймыз.

Бұдан кейін өңір жетекшісі «Грибной мир» ЖШС-де соқты. Болашақта мұнда қозықұйрық өсірілмек. Қазір құрылыс алаңында металл конструкциялардан жылыжай кешені тұрғызылып жатыр. Серіктестік жылына 2 мың тонна саңырауқұлақ дайындауға қауқарлы. Ол үшін екі жарым мың тонна сабан мен тауық тезегі қажет.

Баян Медетбаева – «Грибной мир» ЖШС атқарушы директоры:

-Анау 4 бункерде сабан мен құс тезегі алмастырылатын болады. Ол – алғашқы кезең. Тағы өнімді пастерлейтін және саңырауқұлақ цехтері болады.

Қажетті құрылғылар Голландиядан әкелінеді. Өнімнің алғашқы партиясы жыл соңына дейін шығарылмақ. Қазірдің өзінде тауарды алуға ниет білдіргендер де бар көрінеді. Жалпы инновациялық жобаның құны 1 млрд теңгеден асады.

 

 

 

Магжан Ахмадина