Спорт

Жерлес хоккейші әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ол осы уақыт аралығында елімізбен, Ресейдің бірнеше командаларында ойнапты. Дәл осы спорт түрін таңдауға спортшыға әкесі кеңес берген.

Марат Бекетаев – Әділ Бекетаевтың әкесі:


–  Мен бастапқыда баламды футболға апарғам. Кейін, ақылдаса келе ол хоккейді таңдады. Қазір ұлым тек осы спорт түрімен айналысады. Өзіне қолына имек таяқ алып, шайба қуалаған ұнайды. Біз өзіміздің отбасымызбен оның ойындарын тамашалаймыз. Тартысты матчтарда Әділ үшін алаңдап отырамыз.

Қазір жас спортшы Өскемендік “Алтай” құрамасының намысын қорғайды. Биыл Әділ алғаш рет Қазақстан жасөспірімдер командасынан шақырту алып, Беларусь елінде өткен жарысқа қатысқан. 17 жасар хоккейшінің өміріндегі ең ірі додада жерлесіміз 5 ойын өткізіп, қоржынын 2 ұпайпен толықтырыпты. Және ел құрамасының жаһандық жарыста 3-інші орын алуына жәрдем берген.

Әділ Бекетаев – шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы:

– 1 ойында алаң иелері Беларусьтарға ұтылдық. Кейін Норвегия мен Франция құрамаларын тізе бүктірдік. Сайыстың 4-тінші ойыны неміс хоккейшілерімен өтті. Бұл матчта біз 4-те 3 есебімен жеңіліп қалдық. Соңғы кездесуде Австриялық жігіттерді 5-те 2 мен тас талқан етіп, чемпионаттың 3-інші орынына қол жеткіздік.

Енді Әділ болашақта өз шеберлігін толықтырсам дейді. Кейін, бозбаланың арманы жергілікті “Құлагер” ХК құрамында ойнау.

Култанов Байболат