Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО экономика басқармасының басшысы тағайындалды

СҚО әкімінің бұйрығымен Қазбеков Әрсен Айтбайұлы облыстық экономика басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржыгер, экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы экономика, қаржыландыру, бухгалтерлік есеп комитеті экономика және қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. Кейін түрлі басқармаларға жетекшілік етті. Әрсен Қазбеков 2013-2015 жылдары Қаржы министрлігінің өнеркәсіп, көлік, коммуникациялар және ақпараттандыру басқармасын басқарған.

Берік Қасен