МТРА жаңалықтары

СҚО-да 2016 жылдың 1-ші тоқсанында орташа айлық жалақы 88 802 теңгені құрады

Үстіміздегі жылдың 1-ші тоқсанында өңірде бір қызметкердің алатын орташа айлық жалақысы 88 802 теңгені құрады. Бұрынғысынша ең жоғары еңбекақы – қаржы кәсіпорындары мен сақтандыру қызметінде. Олардың айлық табысы 149 972 теңгені құрайды. Биыл кен өндіру өнеркәсібіндегілердің жалақысы 1,6 есеге өсіп, 138 694 теңгеге жеткен.
Ал ауыл, орман және балық шаруашылығы еңбеккерлері 61 178 теңге табыс алды. Сәуір айында өңірімізде жан басына шаққанда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 0,4%-ға жоғарылап, 19 228 теңгені құраған екен.

Берік Қасен