Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” командасы “Қайсар” ФК есе жіберді

Тур аясында жергілікті “Қызыл-Жар СҚ” футбол клубы түзде қызылордалық “Қайсарға” қарсы кездесу өткізді. Бұл матча өкінішке қарай теріскейліктердің жолы болмады. Алғашқы тайм тең аяқталғанымен, екінші 45 минуттықта алаң иелері қаһарға мініп петропавлдықтардың қақпасын нысанға алды. Нәтижесінде 49-шы минутта қақпашы Тимурбек Закировтың қателігін ұтымды пайдаланған Матиц Марушко есепті ашты. Ал араға 6 минут салып дубль авторы атанды. Осылайша жерлестеріміз 2-0 есебімен жеңіліс тапты. Бұл кездесуден кейін қызылордалық “Қайсар” 11 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастады. Ал екінші орынға “Екібастұз” жайғасса, жерлестеріміз 10 ұпаймен үздік үштікті тұйықтады. “Қызыл-Жар СҚ”-ның келесі матчы Қарасай стадионында мамырдың 14-і күні өтеді. Онда теріскейліктер семейлік “Алтайды” қабылдайды.

Риат Шони