Мәдениет

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин теріскейліктерге мерекелік концерт қойды

Әнші бұл жолғы шығармашылық кешін Ұлы Жеңіс мерекесіне арнады.Сәйкесінше, сахнада негізінен әскери тақырыптағы әндер шырқалды. Концертке кіру тегін болды. Сондықтан, Нұрлан Абдуллиннің кешін кез келген адам тамашалай алды. Елімізге еңбегі сіңген қайраткердің орындауындағы әндерді тыңдауға ауыл тұрғындары көп келіпті. Бұл күні жерлестеріміз орайы келіп тұрғанда сахнаға шығып, әншімен жақынырақ танысып, жылы лебіздерін білдірді. Елімізге белгілі әртістің өнерін көпшілікпен бірге облыс әкімі Ерік Сұлтанов тамашалады.

Берик Касен