МТРА жаңалықтары

“Сапро-НАТ” ЖШС ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

Бұл пештердің мүмкіншіліктері зор. Атап айтсақ, көмірді екі есе үнемдей отыра ұзақ жанады. Оның үстіне от жағушы адамның уақытын тәулігіне 3-4 сағатқа қысқартады. Бүгінде өңірімізде бұл қазандықтарға деген сұраныс жоғары.

Александр Топченко – “Сапро-НАТ” ЖШС директоры:

– Қазіргі таңда біз 100-ге жуық қазандық жасап шығардық. Оның отызын бюджеттік салаға, атап айтсақ, мектеп, аурухана сынды мекемелерге орнаттық. Нәтижесінде экологияға келетін залал, төленетін ақша азайды. Мәселен, өткен жылы біз Смирноводағы аудандық ауруханаға дәл осындай пеш қойдық. Бұған дейін олардың шығыны 23 млн теңге болса, қазір – 3,5 млн ғана. Жалпы қазандықтардың түрлі моделі бар. Қуаттылықтары 20-дан 625- кВт-қа дейін.

Бүгін кәсіпорынның жұмысымен танысуға облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев келді. Айта кету қажет, “Сапро-НАТ” серіктестігі келесі жылы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне жылу үнемдеу саласы бойынша қатысады. Алдағы уақытта кәсіпорын бірқатар бағдарламалар аясында өндірісін өрге домалатпақ.

Мұхтар Манкеев – облыс әкімінің орынбасары:

– Мемлекет тарапынан қазір энергия сақтау саясаты бағытында үлкен жоба жүзеге асырылып жатыр. Ол Қарағанды, Павлодар, Қызылорда, Ақмола облыстарында 20-дан астам мектептерде энергия үнемдеу мақсатынада осындай қазандықтарды қоямыз деген ой бар.

Жалпы инновациялық қазандықтар жасаумен айналысатын “Сапро-НАТ” ЖШС индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына енген.

 

Риат Шони