Балалар

Петропавлда “Бала тілі – бал” атты байқауының облыстық кезеңі өтті

Биылғы сайысқа қалалық іріктеуден өткен 5 балабақша қатысуда. Әр топтың құрамында 2 тәрбиеші мен 5 баладан. Олар екі номинация бойынша бақтарын сынады. Ең алдымен, сәлемдесу арқылы өздерін үш тілде таныстырып, кейін сахналық қойылым көрсетті.

Әсем Сүлейменова, СҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы

– Біріншісі, сәлемдесу – үш тілде. Мұнда ән, би орындалады. Екінші кезеңі – әлем ертегілерінен сахналық көрініс. Осы екі талап ережеге сәйкес әділ қазылардың қорытындысы шығатын болады. Сахналық көрінісін, тіл тазалығын бағалай тұра 1,2,3- орындарды жүлделі орындайды тағайындалады.

Тогжан Акмагамбетова